ШҚО-дағы сайлау учаскелері Құрылтай сайлауына қалай дайындалып жатыр?

23 тамызда өңірде дауыс беруге арналған 534 пункт жұмыс істейді.
Дайындық барысын бағалау үшін Өскеменге ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник келді.
Орталық сайлау комиссиясы өкілінің ақпараты бойынша, Қазақстан ашықтыққа, ақпараттың қолжетімділігіне және барлық электоралдық процестерге ұмтылады, сондықтан халықаралық қоғамдастықтың сайлауға деген қызығушылығы өте жоғары.
13 тамыздағы жағдай бойынша 650-ге жуық байқаушы тіркеліп үлгерді, — деп атап өтті Михаил Бортник. — Бұл Еуропадан 220 адам, Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан 120-ға жуық адам. Шығыс Қазақстанның барлық сайлау комиссияларының төрағаларына үндеу тастаймын, сіздер барлық байқаушылардың учаскелерге кедергісіз кіруін және сайлаудың барлық кезеңдерінде, әсіресе дауыс беру процесі кезінде жұмыс істеуін қамтамасыз етулеріңіз қажет. Қатаң түрде заң шеңберінде әрекет етеміз.
ШҚО әкімінің аппараты хабарлағандай, өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, сайлауға дайындық кесте бойынша жүріп жатыр. Күн сайын сайлаушылар тізімдері өзектендірілуде. Қазіргі уақытта акт бойынша азаматтық позициясын танытып, дауыс беруге қатысуы тиіс 485 873 адам айқындалды. Электоралдық кезең басталғалы бері басқа облыстардың тізімдерінен сайлаушылар тізіміне 23 тамызда ШҚО аумағында болатын 3 572 адам енгізілді, олар — әскери қызметшілер, студенттер, кәсіпорындардың іссапардағы қызметкерлері. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша дауыс бермейтін шығысқазақстандықтар үшін де тізімдер түзетілді. Барлық 534 учаске жұмысқа дайын, барлық сайлау инфрақұрылымы да дайындалған. Дауыс беру пунктілері үздіксіз интернетпен және электрмен жабдықталған. Халықты ақпараттандыру үшін қалалар мен аудандарда call-орталықтар, сондай-ақ Telegram-боттар іске қосылады.
Бұған дейін бар ақпаратымызға сәйкес, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстандағы комиссиялар мен учаскелер дайын, — деп түйіндеді Михаил Бортник. — Сонымен бірге комиссия мүшелерін оқыту жалғасуда. Сайлау күні заңнаманы білу және оны дұрыс қолдану — өте маңызды мәселе. Бұған сайлаушылар да, бақылаушылар да назар аударады. Комиссия мүшелері неғұрлым сапалы дайындалып, барлық жұмыстар алдын ала жүргізілсе, сайлау процесі соғұрлым ұйымшыл өтеді.



