Тас жолдарда бұландар пайда бола бастады – ШҚО

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жол шетіне бұған дйін жылқы макеттері қойылған болатын. Ендігі кезекті жабайы жануарлардың белгісі ретіне бұланның мекеттері қойыла бастады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Алғашқы бұлан макеттері Өскемен-Риддер – РФ шекарасы тас жолының 27 және 92 шақырымына орнатылды. 

– Кейбір аудандарда жабайы жануарлар жиі жолға шығады, сондықтан да бұл маңда жабайы жануарлар бар екенін көрсететін макеттер орнатылды. Ол автокөлік жүргізушілерінің сақтығы үшін, – деп хабарлады \»ҚазАвтоЖол\» ҰК\» АҚ облыстық филиалы. 

Сондай-ақ \»ҚазАвтоЖол\» ҰК\» АҚ облыстық филиалы Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахманов қайнары тас жолының бойына қойылатынын айтты. Сонымен қатар, Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Катон – Қарағай-Рахман қайнары, Өскемен – Семей, Омбы-Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл трассаларында жылқы макеттері орнатылмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button