Талдықорған – Өскемен жаңа ақылы жолымен бір айда 181 мың көлік өткен
Еліміздегі республикалық маңызы бар үш жаңа ақылы автомобиль жолы учаскесі іске қосылған алғашқы айдың өзінде-ақ көлік қозғалысының айтарлықтай қарқын алғаны байқалды. Бір ай ішінде бұл бағыттармен 528 мыңнан астам көлік жүріп өткен. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді.
Әңгіме жақында ақылы режим енгізілген «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал», «Бұрылбайтал – Күрті» және «Талдықорған – Өскемен» автожол учаскелері туралы болып отыр.
Көлік ағынының ең жоғары көрсеткіші «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» бағытына тиесілі. Бұл учаскеде бір айда 290 мың көлік тіркеліп, жалпы көрсеткіштің шамамен 55 пайызына жетті.
Ал «Талдықорған – Өскемен» бағытында 181 мың көлік жүріп өткен. Бұл жалпы көлемнің 34 пайызына жуық.
«Бұрылбайтал – Күрті» учаскесінде алғашқы айда 58 мың көлік қозғалысы тіркелді.
Осылайша, үш жаңа ақылы жол учаскесі бойынша бір айдың ішінде жарты миллионнан астам көлік қатынағаны анықталды:
– Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – 290 мың;
– Талдықорған – Өскемен – 181 мың;
– Бұрылбайтал – Күрті – 58 мың.
Айта кетейік, «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» және «Бұрылбайтал – Күрті» учаскелерінде ақылы жүйе 2026 жылғы 10 шілдеде, ал «Талдықорған – Өскемен» бағытында 11 шілдеде енгізілген болатын.
Алғашқы айдың қорытындысы жаңа ақылы жолдардың көлік өткізу қабілеті мен қозғалыс қарқынын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Үш учаскенің ішінде ең жоғары жүктеме «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал» тасжолына тиесілі екені байқалады.



