БастыЖаңалықтар
«Алтай Өскемен» өз алаңында «Қызылжарды» қабылдайды
8 тамыз күні «Алтай Өскемен» өз алаңында петропавлдық «Қызылжарға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазақстан премьер-лигасы 21-ші туры аясында 8 тамыз күні сағат 17:00-де «Алтай Өскемен» футбол клубы өз алаңында «Қызылжар» командасымен үш ұпайға таласады.
– Барлығыңызды бұл маңызды матч күні «Восток» стадионында күтеміз. Жеңісті күнге бірге жетейік. Сіздерді мерекелік көңіл-күй, стадионымыздағы фуд-корт, фан-шоп және ұмытылмас футбол атмосферасы күтеді!, – делінген «Алтай Өскемен» ФК хабарламасында.
Айта кетейік, матч «Восток» стадионында өтеді.
Кіру тегін.



