БастыЖаңалықтар

Өскеменде әскерде жоғалып кеткен сарбаз табылды

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен мерзімді әскери қызметші қатардағы жауынгер А.Е. Мархан табылды.

Іздеуде жүрген сарбаз облыс орталығынан 20 шақырым жерде ұсталып, әскери полиция бөліміне жеткізілді. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы хабарлады.

– Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынып, қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әскери полиция тексеру барысында әскери қызметші командирлер және бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қарсы келетін қарым-қатынас пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button