БастыЖаңалықтар
ШҚО әкімі Ұлттық парк аумағында туризмді дамыту үшін инвесторларды шақырды

Сонымен қатар аймақ басшысы ірі бизнесті ШҚО ұлттық парктерінде халықаралық деңгейдегі туристік нысандарды дамытуға және инвестиция салуға белсенді қатысуға үндеді.
Атап айтқанда, Катонқарағай ауданындағы Балықты бұлақ шатқалында ұзақ мерзімді жалға беруге дайын шамамен 3 гектар бос инвестициялық жер учаскесі бар. Жобаның болжамды инвестиция көлемі шамамен 3 млрд теңгені құрайды.
Аталған жер учаскесінің маңынан республикалық маңызы бар «Өскемен – Рахман қайнарлары» автожолы өтеді. Бүгінде Шығыс Қазақстанның ұлттық парктерінде инвесторларға ұсынылатын осындай бірнеше инвестициялық алаң бар.



