БастыЖаңалықтар
ШҚО-да шомылу маусымы басталғаннан бері 8 адам суға батып көз жұмған

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғаннан бері 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғаннан бері 1300-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ТЖД еске салады:
– тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;
– балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
– мас күйінде суға түспеңіз;
– шағын көлемді кемелерде демалу кезінде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз.



