БастыЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан халқының саны қанша?

Шығыста 717 мың адам тұрады. Алайда, жыл басынан бері өңір халқы 2 016 адамға азайған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Өңірдегі демографиялық ахуалда әйелдер саны басым болып шықты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов мәлімдеді.Қазір облыста 373,1 мың әйел тұрады. Бұл жалпы халықтың 52 пайызы. Ерлер саны 343,9 мың адамды немесе 48 пайызды құрайды.

2026 жылғы 1 маусымдағы мәліметке сәйкес, облыс тұрғындарының 485,9 мыңы қалада, 231,1 мыңы ауылдық жерде тұрады. Жыл басынан бері қала халқының үлесі 0,1 пайызға, ауыл тұрғындарының үлесі 0,6 процентке төмендеген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button