БастыЖаңалықтар
«Алтай Өскемен» өз алаңында «Ақтөбеге» қарсы ойнайды
«Алтай Өскемен» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
19 шілде күні сағат 17:00-де «Восток» стадионында «Алтай Өскемен» мен «Ақтөбе» футбол командасы арасында матч өтеді.
– 19 шілдеде «Ақтөбе» футбол командасына қарсы өтетін матчқа билеттердің сатылымы Freedom Ticketon сайтында ресми түрде ашылды! Билет құны – 700 теңге, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 9 жасқа дейінгі балаларға, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға кіру тегін.



