ШҚО-да жазда демалуға қайда баруға болады?
Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтарға баруға тұрарлық Шығыс Қазақстан облысындағы жазғы демалысқа арналған топ-8 бағытты ұсынды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Марқакөл көлі және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
– Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының дәл жүрегінде орналасқан, суы мөлдір биік таулы көл;
– Жаяу серуендеу, экологиялық туризм, құстарды бақылау, фототурлар;
– Оңтүстік Алтайдың бірегей ландшафттары, шолу алаңдары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің байлығы, жергілікті халықтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі.
Қаракөл көлі
– Мұзтау тауына панорамалық көрініс ашылатын Қазақстандағы ең көркем биік таулы көлдердің бірі;
– Жаяу жорықтар, фототурлар, балық аулау, табиғат аясындағы демалыс;
– Алтайдың қол тимеген табиғаты, альпілік шалғындар, тау пейзаждары.
Сібе көлдері
– Мөлдір сулы, гранитті жартастармен қоршалған бес көлден тұратын табиғи кешен;
– Суға шомылу, дайвинг, сапбординг, кемпинг, балық аулау;
– «Аблайкит» археологиялық кешені, көркем жартасты алқаптар мен табиғи панорамалар.
Бұқтырма су қоймасы
– Көптеген демалыс базалары мен құмды жағажайлары бар Қазақстандағы ең ірі су қоймаларының бірі;
– Жағажай демалысы, катерлермен және яхталармен серуендеу, су аттракциондары, балық аулау;
– Көркем шығанақтар, заманауи демалыс аймақтары.
Риддер қаласы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
– Салқын климаты, тайгасы және көптеген туристік маршруттары бар таулы өңір;
– Треккинг, маунтинбайк, экскурсиялар, жидек пен саңырауқұлақ теру, фототурлар;
– Таулы көлдер, альпілік шалғындар, Алтайдың бай флорасы мен фаунасы.
Киін-Керіш шатқалы
– Түрлі-түсті сазды шатқалдарымен танымал, «Жанған жартастар» атанған бірегей табиғат ескерткіші. Миллиондаған жылдар бойы жел мен судың әсерінен ерекше табиғи ландшафттар қалыптасқан;
– Жаяу серуендеу, фототурлар, жол талғамайтын көлікпен саяхаттар, табиғи ландшафттарды тамашалау;
– Түрлі-түсті шатқалдар, ерекше жартас пішіндері, панорамалық көріністер мен таңғажайып табиғат көріністері.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
– ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының дүниежүзілік желісіне енген Қазақстанның ұлттық табиғи паркі. Аумағы ерекше биоалуантүрлілігімен және қол тимеген табиғи ландшафттарымен ерекшеленеді;
– Треккинг, экологиялық туризм, атпен саяхаттау, кемпинг, фототурлар және жабайы табиғатты бақылау;
– Мұзтау тауы, Көккөл сарқырамасы, Берел қорғандары, Рахман қайнары, альпілік шалғындар және Алтайдың көркем аңғарлары.



