Жаңалықтар

ШҚО-да бір аптада 3 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

– Өткен аптада профилактикалық іс-шаралар аясында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам дерегі анықталды. Анықталған фактілердің ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзу, рөлде отырып ұялы телефонды пайдалану, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу, қарсы бағытқа шығып кету, сондай-ақ масаң күйде көлік құралдарын басқару орын алды. Мәселен, бір апта ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаудың 744 фактісі, көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланудың 389 жағдайы және жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 180 дерегі анықталды. Сондай-ақ, қарсы бағытқа шығудың 18 жағдайы және масаң күйде көлік құралдарын басқарудың 16 дерегі анықталды, – деп хабарлады ШҚО ПД.

Басқа жаңалықтар

Back to top button