Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасын тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асламбек Мерғалиевті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы лауазымына қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.



