Жаңалықтар

Зайсан ауданында «Ұлы дала мергені – 2026» республикалық турнирі өтіп жатыр

Бүгін Зайсан қаласының орталық стадионында ересектер арасында садақ атудан «Ұлы дала мергені – 2026» республикалық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Дүбірлі доданың ашылуында Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Ерланұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық садақ ату федерациясының президентіне және өңірде осы спорт түрінің дамуына үлес қосып, атын шығарып жүрген мергендерге Алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар, спортшыларға Зайсан ауданының арнайы төсбелгілері табыс етілді.

Ауқымды спорттық шараға еліміздің 12 облысынан келген ең үздік мергендер қатысып жатыр. Жарыс ережесіне сай, алғашқы болып қыздар арасындағы бәсеке өз мәресіне жетті. Дәл қазіргі уақытта жарыс жолына ер адамдар шығып, өзара бақ сынасуда.

Ұлттық спортты ұлықтаған айтулы турнир жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button