Жаңалықтар

ШҚО-да 37 градусқа дейін аптап ыстық болады

Синоптиктер 4–6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

«Қазгидромет» мәліметіне сүйенсек, алдағы күндері Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

4 шілдеде солтүстік-батыста, 4–5 шілдеде оңтүстік-шығыс пен орталықта, 5–6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ және дауыл күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады, ал республиканың солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

– Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. 5–6 шілдеде күндіз батыс пен орталық өңірлерде ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін қатты ыстық болады, оңтүстік-батыста +40°C-қа дейін, ал солтүстік-батыста +35°C-қа дейін жетеді. Шығыс өңірлерде бүкіл кезең бойы +35…+37°C-қа дейінгі аптап ыстық сақталады, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button