Жаңалықтар

«Алтай Өскемен» өз алаңында «Тобылмен» ойнайды

«Алтай Өскемен» ертең қостанайлық «Тобылға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

4 шілдеде сағат 17:00-де «Алтай Өскемен» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдайды.

– 4 шілде күні клубымыздың түлегі, Қазақстандық футболдың жарқын жұлдызы Ислам Чесноковтың ойынын тамашалай аласыздар. Барлығыңызды 4 шілде күні сағат 17.00-де «Восток» стадионында күтеміз. Жеңісті күнге бірге жетейік. Сіздерді мерекелік көңіл-күй, стадионымыздағы фуд-корт пен фан-шоп және ұмытылмас футбол атмосферасы күтеді, – делінген «Алтай Өскемен» ФК хабарламасында.

Кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button