Жаңалықтар

Өскеменде Самсоновка ауылында жол жөндеу жұмыстары басталды

Облыс орталығындағы Самсоновка ауылында автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Жөндеу жұмыстары Төменгі, Жағалау, Орталық және Совхоз көшелерінде жүріп жатыр. Жөнделетін жол учаскелерінің жалпы ауданы 11 700 шаршы метрді құрайды. Жоба аясында жол жабыны жаңартылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және ауыл тұрғындары үшін көлік қатынасының қолжетімділігін жақсартуға жағдай жасалады, – деп хабарлады Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button