Өскемендегі онкоорталықта ашық есік күні өтеді

18 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
18 шілде күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін саркоманы ерте анықтау және оның алдын алу мәселелері бойынша ашық есік күні өтеді.
– Іс-шара аясында орталықтың жетекші мамандары тегін консультациялық қабыдау жүргізеді. Қажет болған жағдайда қосымша тексерулер жүргізіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, сондай-ақ бар болған жағдайда бұрын жасалған тексерулердің нәтижелерін (УДЗ, КТ, МРТ, рентгенологиялық зерттеулер, медициналық қорытындылар) алып келу қажет, – делінген хабарламада.
Онкологиялық орталықтың мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 1-корпус (консультативтік-диагностикалық бөлімше).
Анықтама телефондары: +7 (7232) 20-89-97, +7 771 944-48-08.



