Жаңалықтар
Астана күнінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана күніне орай Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалай жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Астана күніне орай 6 шілдеде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
– 4 шілде күні азаматтарды қабылдау тек кезекші орталықтарда жүргізіледі. Кезекші ХҚКО-лар 09:00-ден 13:00-ге дейін, кезекші МХҚКО-лар 09:00-ден 12:00-ге дейін өтініштерді қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүзеге асады. Ал 7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді, – делінген хабарламада.



