БастыЖаңалықтар

Самарда салынатын Арбаттың жобасы таныстырылды

Самар ауданында Бұқтырма су қоймасының жағалауында жаңа қоғамдық жоба таныстырылды. Сарыбел ауылында өңір тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс орнына айналатын туристік Арбат салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Арбат 13 гектар аумақты алып, жағалау бойымен шамамен 1,5 шақырымға созылады. Жоба аясында заманауи абаттандыру элементтері мен ұлттық нақыштағы бірнеше демалыс аймағын құру көзделген.

Аумақта жаяу серуендеуге арналған аймақ, балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары, сондай-ақ Бұқтырма су қоймасына көрініс ашылатын шолу алаңдары салынады.

Жобаның басты нысаны – концерттер, фестивальдер, мәдени іс-шаралар мен ашық аспан астындағы кино көрсетілімдерін өткізуге арналған амфитеатр болады.

Сонымен қатар жоба аясында жағажай абаттандырылып, санитарлық тораптар, ана мен бала бөлмесі, сондай-ақ намаз оқуға арналған арнайы орын қарастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button