Жаңалықтар
ШҚО-да тағы бір қар барысы фототұзаққа түсті
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тағы бір қар барысы фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Парктің өзге бір түкпіріне орнатылған фототұзақ тағы бір қар барысын тіркеді. Бұл – жуырда үш аланымен бірге жарияланған аналық қар барысы емес. Жаңа тіркеу парк аумағында өзге де қар барыстарының тіршілік ететінін дәлелдейді. Боран мен көріну деңгейінің төмендігіне қарамастан, қар барысы фототұзақ объективіне ілігіп үлгерді. Жарияланымда фототұзақтан алынған түпнұсқа кадрлармен қатар, жасанды интеллект көмегімен сапасы жақсартылған нұсқалар да ұсынылды. Өңдеу тек суреттің анықтығын арттыру мақсатында жүргізілді, – делінген Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарламасында.



