Жаңалықтар
ШҚО-да жүк көлігі аударылып, бір адам қайтыс болды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Өскемен-Риддер тасжолының 42-шақырымында болған.
— 59 жастағы жүргізуші басқарған КамАЗ аударылып кетті. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, — делінген ақпаратта.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.



