Жаңалықтар

Өскеменде Носиков көшесінде абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов облыс орталығындағы Носиков көшесінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қазіргі уақытта Носиков көшесінде ұзындығы 1800 метр болатын жол учаскесін кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Жоба аясында жолға жаңа асфальт төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынуда. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру жұмыстары да қатар жүзеге асырылып жатыр. Тұрғындардың жайлы демалысы мен белсенді өмір салтын қолдау мақсатында баскетбол, волейбол және футбол алаңдары салынып, жаяу жүргіншілерге арналған демалыс аймақтары қарастырылған. Аталған жұмыстар аудан тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған, – деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button