Жаңалықтар
1 шілдеден бастап Өскеменде Белинский көшесіндегі төлем қабылдау пунктінің жұмысы тоқтатылады

1 шілдеден бастап Өскемендегі Белинский көшесі, 37А мекенжайындағы төлем қабылдау пунктінің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Аталған шешім «Қазпошта» АҚ тарапынан өндірістік объектілердің қаржылық-экономикалық тиімділігін талдау нәтижелері мен операциялық шығындарды оңтайландыру аясында қабылданған. Бұл ретте тұрғындарға қызмет көрсету тоқтатылмайды. Барлық қызметтерді жақын маңдағы «Қазпошта» бөлімшелерінен, сондай-ақ Гоголь көшесі, 34 мекенжайында орналасқан серіктестік қызмет көрсету бөлімшесінен алуға болады, – делінген хабарламада.



