Жаңалықтар
ШҚО-да қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орманшы Жомарт Аманбаевтың қар барысының тіршілігін зерттеу мақсатында биік тау жоталарына орнатқан фототұзаққа қар барысы ілікті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Бірнеше ай бұрын дәл осы жерде үш аланымен бірге кадрға түскен қар барысы фототұзаққа ілікті. Қысқы кадрлардағы кішкентай аландар бүгінде едәуір өсіп, анасымен бірге асқар тауларды еркін кезіп жүр. Жабайы табиғатта мұндай сәттердің тіркелуі – өте құнды дерек. Бұл сирек кездесетін жыртқыштың табиғи мекенінде қауіпсіз өсіп-өніп, ұрпағын аман жеткізіп жатқанын көрсетеді, – делінген Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарламасында.



