Жаңалықтар
ШҚО-да құтқарушылар қайықпен жоғалып кеткен екі әйелді тапты
Самар ауданының Сарыбел ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасында екі әйел үрлемелі қайықпен серуендеуге шығып, ұзақ уақыт бойы оралмаған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Демалушылардың бірінің жұбайы 112 қызметіне хабарласып, көмек сұраған. Құтқарушылар жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қайықты тауып, әйелдерді аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.



