Жаңалықтар

Өскемендегі Гагарин бульвары көшесінде жол жөнделіп жатыр

Облыс орталығындағы Гагарин бульвары көшесінде жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жөнделетін жол учаскесінің жалпы аумағы 24 000 шаршы метрді құрайды.

– Бүгінгі күнге дейін ескі асфальт-бетон жабынының шамамен 11000 шаршы метрі фрезерленді. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскеде уақытша жол белгілері орнатылды. Жөндеу жұмыстарына күн сайын жалпы саны 10 адамнан тұратын екі мамандандырылған бригада жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіздік пен қолайлылықты арттыруға бағытталған, – деп хабарлады Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button