Жаңалықтар

TEDx Oskemen алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

TEDx Oskemen семинарында қоғам үшін өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықтың жеке адамның өмірі мен дамуына тигізетін әсері сөз болды. Спикерлер жемқорлықтың тек мемлекеттік деңгейдегі мәселе емес, әр азаматтың болашағына ықпал ететін әлеуметтік құбылыс екенін атап өтті.

Қатысушылардың айтуынша, әділетсіздік белең алған ортада адамның білімі, еңбегі мен қабілеті емес, таныстық пен заңсыз артықшылықтар бағалана бастайды. Мұндай жағдайда жастардың адал еңбекке, білім алуға және өз күшімен жетістікке жетуге деген сенімі әлсірейді. Бұл өз кезегінде адамның жеке дамуын тежеп, қоғамдағы әділдік қағидаттарына кері әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, алаңда мектеп пен жоғары оқу орындарында академиялық адалдықты сақтау, емтихан кезінде көшірмеу, әділ бағалауды қолдау, парақорлыққа жол бермеу және заң бұзушылықтарға бейжай қарамау – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды қадамдары талқыланды.

— Семинар барысында жастарға қоғамдағы өзгерістерді үлкен реформалардан емес, күнделікті өмірдегі адал әрекеттерден бастау қажеттігі айтылды. Әрбір азаматтың жауапкершілігі мен ұстанымы — әділетті қоғам құру.  TEDx Oskemen алаңында көтерілген бұл тақырып қатысушылар арасында кең талқыланып, адалдық, жауапкершілік және азаматтық ұстанымның маңызын тағы бір мәрте айқындады. Әділетті қоғам әр адамның өзінен басталады, — дейді мәслихат депутаты және Жастар саясаты бойынша Кеңестің төраға орынбасары Бақытжан Ерболқызы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button