Жаңалықтар
ШҚО-да бұлан, марал және елік фототұзаққа ілікті
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағында бұлан, марал және елік фототұзақтың объективіне ілікті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Осындай құрылғылардың арқасында мамандар жануарлардың саны, олардың белсенділігі, маусымдық орын ауыстырулары, мекендейтін жерлері мен таралымдарының жай-күйі туралы нақты ақпарат алады. Фототұзақтан алынған әрбір сурет қорық аумағы жабайы жануарлардың сенімді мекені болып қала беретінін, ал оларды сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өз нәтижесін беретінін тағы бір дәлелдейді, – дейді Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері.



