Жаңалықтар

ШҚО-да «Алтын Тұрғысын» халықаралық өнер фестивалі өтеді

3–4 шілде күндері Алтай ауданының Малеевск ауылында XIX «Алтын Тұрғысын – 2026» халықаралық өнер фестивалі өтеді.

Жыл сайын ұйымдастырылатын фестиваль Қазақстанның әр өңірі мен шетелдерден келген дарынды орындаушыларды, суретшілерді, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін және өнерсүйер қауымды бір алаңға тоғыстырады.

Фестиваль аясында поэзия, проза, вокал, аспаптық орындаушылық, театр өнері, хореография, фольклор, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша байқаулар мен шығармашылық бағдарламалар өтеді.

Іс-шара қонақтарын жарқын концерттік қойылымдар, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер және өнер мерекесінің ерекше атмосферасы күтеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button