Жыл басынан бері Қазақстанға 3 млн шетелдік турист келген

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн адамды құрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп келуші Өзбекстаннан – 1,1 млн адам, Қырғызстан – 723,5 мың адам және Ресей – 564,7 мың адам келген.
Сонымен қатар елдің туристік инфрақұрылымы да дамуын жалғастыруда. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, демалыс базаларын және басқа да орналастыру нысандарын қоса алғанда, 4 505 орналастыру нысаны жұмыс істеді. Бір жыл ішінде олардың саны 192-ге артты.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарында 2 млн қонақ тоқтады, оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдады.
Ең танымал курорттық бағыттар:
– Алматы тау кластері – 509,3 мың келуші;
– Щучинско-Бурабай курорттық аймағы – 116,7 мың адам;
– Маңғыстау курорттық аймағы – 53,3 мың адам;
– Түркістан туристік аймағы – 39,4 мың адам;
– Алтай курорттық аймағы – 30,3 мың адам.
2026 жылдың бірінші тоқсанында орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 69,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% артты.
Қазақстанда қонақүй секторы да дамуын жалғастыруда. Бүгінде елде 23 бес жұлдызды, 45 төрт жұлдызды және 26 үш жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.



