Жаңалықтар
ШҚО-да мореналық көлдерге аэровизуалдық шолу жүргізілді
Катонқарағай ауданында ШҚО ТЖД қызметкерлері мен ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары Бұқтырма өзені бассейніндегі 7 мореналық көлге аэровизуалдық шолу жүргізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО ТЖД мәліметінше, тексеру барысында 2000–2500 метр биіктікте орналасқан барлық көлдердің мұздан толық ашылғаны анықталды. Көлдердегі су деңгейі төмен. Жағдай тұрақты, қауіп-қатер жоқ.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын көлдер әлі мұз құрсауында жатқан кезеңнен бастап толық ашылғанға дейін сел қаупі жағдайын бақылау үшін тексерулер жүргізіледі», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.




