Жаңалықтар
Өскеменде кемелер шеруі өтеді
5 шілде күні Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күніне орай Ертіс өзенінде кемелер шеруі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Белалекс» компаниясының мәліметінше, шеруге өзен кемелері, мемлекеттік кәсіпорындардың кемелері, сондай-ақ жеке кеме иелері қатысады.
Ұйымдастырушылар барлық ниет білдіруші кеме иелерін іс-шараға қатысуға шақырады. Тіркелу 3 шілдеге дейін 8-777-955-09-05 WhatsApp нөмірі арқылы жүзеге асырылады.
Өзен кемелері Ертіс өзені бойымен «Самал» саябағынан «Ғашықтар аллеясына» дейін жүзіп өтеді.
Сондай-ақ 5 шілде күні Өзен вокзалында жәрмеңке, концерттік бағдарлама және түрлі байқаулар ұйымдастырылады.



