БастыЖаңалықтар

Өскеменде рұқсатсыз қоқыс үйінділері азаймай тұр

Өскемен қаласының прокуратурасы қала аумағының тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау, сондай-ақ санитариялық нормалар мен абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік органдардың жұмысын тұрақты негізде үйлестіруде.

Өткен аптада Өскемен қаласында прокуратура көмегімен 10 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталып, ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 64 адам жауапкершілікке тартылды.

— Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ол құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға ұқыпты әрі жауапты көзқарас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, — деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Басқа жаңалықтар

Back to top button