Жаңалықтар

Марқакөл ауданында инфрақұрылым қалай дамып жатыр?

Марқакөл ауданында инфрақұрылымды жақсарту мен абаттандыру жұмыстарына қомақты қаржы бөлінуде. Қазір үш ауылда балалар ойын алаңы салынып жатыр. Ал тағы бір елді мекенде футбол алаңының құрылысы жүргізілуде.

– Жаңаауыл, Игілік және Марқакөл ауылдарында балалар ойын алаңдарын салу бойынша үш жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа 29 миллион теңгеден астам қаражат бағытталды. Ақбұлақ ауылында құны 20 миллион теңге болатын футбол алаңының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан бойынша саябақтар, скверлер мен алаңдарды абаттандыруға арналған 24 жобаны іске асыру үшін 308 миллион теңге қарастырылған, – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Жобалар қатарында Ұрынқай ауылын абаттандыру, Марқакөл, Қалжыр және Боран ауылдарындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына қоршаулар орнату, Марқакөл ауылындағы «Жеңіс» саябағына шағын сәулеттік нысандар (МАФ) орналастыру, сондай-ақ Марқакөл және Төсқайың ауылдарында стационарлық емес сауда нысандарын орнату бар. Бұдан бөлек, аудан елді мекендерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button