БастыЖаңалықтар

Марқакөл ауданына көшіп келетін мамандарға қандай қолдау көрсетіледі?

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Биыл 50 маманға көтерме жәрдемақы төлеу жоспарланған.

– «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген 50 маманға көтерме жәрдемақы төлеу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 21 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді, – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Сонымен қатар, қаржыландыру жоспарына сәйкес, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 15 маманға жалпы сомасы 147 миллион теңге көлемінде бюджеттік несие беру қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button