Жаңалықтар

Қазақстандағы ТОП-5 үздік туристік ауыл анықталды

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жыл сайын өткізілетін «Үздік туристік ауыл» ұлттық байқауын қорытындылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жоба тұрақты және экологиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ табиғи, тарихи әрі мәдени мұрасы ерекше ауылдық аумақтарды ілгерілетуге бағытталған.

2026 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік туристік ауылдарының қатарына келесі елді мекендер енді:

– Басши (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы);

– Торайғыр (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы);

– Берел (Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы);

– Коробиха (Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы);

–  Имантау (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы).

Айта кетейік, 2025 жылы бұл байқауда Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы), Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы) және Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары жеңімпаз атанған болатын.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button