Жаңалықтар

ШҚО-да тағы бір муниципалды жағажай пайда болуы мүмкін

Зайсан көлінің жағалауында муниципалды жағажай ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

– Көл жағалауының басым бөлігі Тарбағатай ауданының аумағына кіреді, ал оның шағын ғана бөлігі Зайсан ауданында орналасқан. Біз жағалаудың осы бөлігін пайдаланып, онда муниципалды жағажай аймағын ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Ол жерде шомылуға қажетті барлық жағдай бар, тек аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қорабаев.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button