Шығысқазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионы атанды
Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ұлттық құрама сапында Шығысқазақстандық спортшылар Шығыс Қазақстан облыстық жазғы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Вадим Шарлаимов, сондай-ақ Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Кирилл Проходов өнер көрсетті.
– Финалға Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходовтан құралған команда шықты. Шешуші кездесуде қазақстандық шпагашыларға соңғы екі Олимпиада ойындарында алтын және күміс медаль жеңіп алған Жапония құрамасы қарсы тұрды. Тартысты әрі шиеленісті өткен кездесуде Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанды, – делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарламасында.



