БастыЖаңалықтар
Өскеменде күндіз бақша суаруға тыйым салынады

«Өскемен Водоканал» қызметкерлері қала тұрғындарына бақшаны тек түнгі уақытта сағат 23:00-ден 05:00-ге дейін суаруға рұқсат етілетінін ескертеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Бұл шаралар жазғы мезгілде ауыз суды ұтымды пайдалану және қаланы тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Белгіленген суару уақытын бұзған тұтынушыларға қатысты су беруді уақытша шектеуге дейінгі шаралар қабылданатын болады. Белгіленген ережелерді сақтауды және су ресурстарына ұқыпты қарауды сұраймыз, – деп хабарлады «Өскемен Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.



