ШҚО-да 10 демалыс орны шомылу талаптарына сәйкес келмейді

Шығыс Қазақстан облысында жаппай демалуға арналған 23 учаске анықталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов мәлімдеді.
Өскеменде – 3, оның біреуі қайықпен және катамаранмен жүзу үшін, Риддер қаласында – 1, Алтай ауданында – 1, Зайсан ауданында – 1, Үлкен Нарын ауданында – 1, Күршім ауданында – 2, Самар ауданында – 2, Ұлан ауданында – 8, Марқакөл ауданында – 1, Тарбағатай ауданында – 1, Глубокое ауданында – 1, Шемонаиха ауданында – 1. Облыста 14 коммуналдық жағажай бар.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті атына объектілердің түбін тексеру бойынша сүңгуірлік жұмыстарды жүргізуге 18 өтінім түсті, олардың дайындығы туралы тексеру жүргізуге 10 өтінім түсті. Тексеру нәтижелері бойынша барлық 10 демалыс орны су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді, 13 орынды тексеру өтінімдердің түсуіне қарай жүргізілетін болады.
– Облыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс акваторияларында ТЖД-ның 5 құтқару бөлімшесі жұмыс істейді. Рейдтік іс-шараларға Өскемен қаласы мен Самар ауданындағы 68303 ТЖМ 2-ші құтқару батальонының полиция қызметкерлері, ЖАО, еріктілер мен әскери қызметшілер тартылды. Самар ауданының Новостройка ауылында құтқарушылардың мобильді бекеті қойылды. Өңірде барлығы 170 тыйым салу белгісі орнатылды, 38 құтқарушы-жасақшылар оқытылды. Сонымен қатар, 2026 жылдың басынан бастап шомылу маусымында 6 жазатайым оқиға тіркелді, екі адам суға батып кетті. Су айдындарында қауіпсіздік шараларын бұзған 7 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.



