Жаңалықтар

Самар ауданының спортшылары VIII Халық ойындарының чемпионы атанды

11-20 маусым аралығында Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Шығыс Қазақстан облысының құрамасы сапында Самар ауданының спортшылары сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары: Еламан Мұхтаржанов, Александр Тумашов, Қалибек Қалымбеков, Ахмет Сахариев.

– Спортшылардың жоғары нәтижелері олардың табандылығының, қажыр-қайраты мен спортқа деген адалдығының айқын көрінісі болды. Бұл жеңіс Шығыс Қазақстан облысының спорттық жетістіктеріне елеулі үлес қосып, Самар ауданының абыройын республикалық деңгейде асқақтатты. Чемпиондарды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, биік белестер мен жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз, – делінген Самар ауданы әкімдігінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button