Жаңалықтар

Шығысқазақстандық семсерлесуші Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Шығысқазақстандық спортшы Руслан Кұрбанов Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Ол жартылай финалда тайпейлік Ранг Лимен аса тартысты кездесу өткізіп, 12:15 есебімен жол берді.

Осылайша Руслан Кұрбанов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

– Жарыс барысында ол ирандық Әли Намазиді, сингапурлық Си То Цзяньтунды, қырғызстандық Илим Бақытбек Уулуды және қытайлық Юйхань Сюйді жеңді. Русланның жүлдесінен бөлек, Қазақстан құрамасының басқа да өкілдері үздіктер қатарынан көрінді. Кирилл Проходов бесінші орынға ие болса, Ерлік Сертай тоғызыншы сатыға тұрақтады. Ал Никита Жулинский жарысты 24-орынмен аяқтады, – делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button