Жаңалықтар

ШҚО-да су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысында су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында құтқарушылар халық көп шоғырланатын демалыс орындарында патрульдеу жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұқтырма су қоймасы аумағында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейд өткізілді. Рейд барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жазғы кезең басталғалы бері ШҚО ТЖД қызметкерлері 200-ден астам патрульдеу мен рейд жүргізіп, демалушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірді.

Сонымен қатар судағы қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан шомылу маусымы басталғалы бері облыста екі адам суға батып көз жұмды. Қайғылы оқиғалар жабдықталмаған шомылу орындарында, өз күшін дұрыс бағаламау және алкогольдік масаң күйде суға түсу салдарынан орын алған.

ШҚО ТЖД тұрғындар мен демалушыларға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды тағы бір мәрте ескертеді:

– Шомылу үшін тек жабдықталған жағажайларды таңдаңыз;

– Қайықпен, катермен, катамаранмен және гидроциклмен жүзу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз;

– Су көлігіне шығар алдында міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз;

– Қайықтан, катамараннан немесе катерден суға секіруге тыйым салынады;

– Су көлігін белгіленген нормадан артық жүктеуге болмайды;

– Қайықтың немесе катердің жиегіне отырмаңыз, орын ауыстырмаңыз және бір қайықтан екіншісіне өтпеңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button