Жаңалықтар

Өскеменде Самал саябағында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Өскемендегі Самал саябағында абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Қала әкімі Алмат Ақышов Самал саябағында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

– Қазіргі таңда мұнда тұрғындардың жайлы демалысы үшін жаңа балалар ойын аландары мен демалыс орындары орнатылып жатыр. Сонымен қатар жағажай аумағын абаттандыру және жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Самал саябағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Сондықтан бұл аумақты заман талабына сай жаңартып, барынша қолайлы әрі қауіпсіз ету біздің басты міндеттеріміздің бірі, – деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шаһар басшысы жауапты мердігерлер мен сала мамандарына жұмыстардың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударуды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button