Жаңалықтар
«Алтай» өз алаңында «Жетісуды» қабылдайды
Облыс орталығында ертең «Алтай Өскемен» және «Жетісу» футбол командаларының арасындағы матч өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
20 маусым күні сағат 16:00-де «Восток» стадионында «Алтай Өскемен» футбол командасы «Жетісуға» қарсы ойнайтын болады.
– «Жетісу» футбол командасына қарсы өтетін матчқа билеттердің сатылымы Freedom Ticketon сайтында ресми түрде ашылды. Билет құны – 700 теңге. 9 жасқа дейінгі балаларға, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға кіру тегін, – делінген «Алтай Өскемен» ФК хабарламасында.



