Жаңалықтар

Шемонаихада өтетін UBA OpenFest жазғы фестиваліне бес мыңнан астам қонақ келеді деп жоспарланып отыр

Шемонаиха қаласындағы Үбі өзенінің жағалауында өтетін ауқымды жазғы фестиваль биыл қатарынан екінші рет ұйымдастырылмақ. Өткен жылы фестивальге екі мыңнан астам адам жиналса, биыл келушілер санының едәуір артуы күтілуде.

– UBA OpenFest фестивалі Шемонаиха қаласына кіреберістегі Үбі өзенінің жағасында өтеді. Іс-шараға қолданбалы өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдар қатысып, концерттік бағдарлама ұсынады. Биыл фестиваль ауқымдырақ деңгейде ұйымдастырылады. Бес мыңнан астам тұрғын мен қонақты қабылдауды жоспарлап отырмыз, – деді Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Данияр Жүнісов.

Оның айтуынша, мұндай шара өңірдің туристік саласының дамуына оң әсер етіп, аудандағы бір күндік туризмді дамытуға серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button