Өскеменде жоғалған үш жасар бала аман-есен табылды
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
17 маусым күні Өскемен қаласының тұрғынынан үш жасар немересінің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Өтініш иесінің айтуынша, бала үй ауласында ойнап жүрген, алайда бір сәтте байқаусызда белгісіз бағытқа кетіп қалған. Өз бетімен іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, әйел адам полициядан көмек сұраған.
– Хабарлама түскен бойда полицияның жеке құрамы баланы іздеуге шықты. Іздестіру іс-шараларына «Буран-20» экипажы полиция аға лейтенанты Бақытбек Айдын мен қатардағы қызметкер Азат Әшімов дереу кіріскен. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала үйінен шамамен бір жарым шақырым жерден аман-есен табылды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.



