Жаңалықтар
Өскеменде бүгін ашық аспан астында концерт өтеді

18-21 маусым аралығында Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдарының концерттік маусымның жабылуына байланысты ашық аспан астында концерт ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
18 маусым сағат 20:00-де «Big band» джаз оркестрінің «Вечер в ритме Jazz» атты концерті;
19 маусым сағат 20:00-де Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Сырлы әуен» атты концерті;
20 маусым сағат 20:00-де ШҚО әкімінің симфониялық оркестрінің «Золотые хиты SAN REMO» атты концерті;
21 маусым сағат 20:00-де «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты концерті өтеді.
Барлық концерттер Республика алаңында (субұрқақтың маңы) өтетін болады. Кіру тегін.



