Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Катонқарағайда өтетін гала-концертте ән шырқайды

«Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің басты хедлайнері – Димаш Құдайберген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

11 шілде күні сағат 19:00-де өтетін Катонқарағай ауданында өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалінің гала-концертінде әлемге танымал әнші, ерекше дауысымен көпшілікті тәнті еткен Димаш Құдайберген өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 10-12 шілде күндері Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтеді. Фестиваль аясында поэзия кеші, республикалық ақындар айтысы, гала-концерт өтеді. Концертте Қазақстаннан және түркітілдес елдерден келген өнерпаздар өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button