Жаңалықтар
Өскеменде бірнеше көшеде уақытша жол жабылады

19 маусым күні Өскеменде «Oskemen Life» жазғы фестивалінің өткізілуіне байланысты бірнеше көшеде уақытша жол жабылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
19 маусым күні сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін келесі учаскелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:
– Антон Чехов көшесі (Нұрмағамбетов көшесінен Қасым Қайсенов көшесіне дейін);
– Максим Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін).
Қала әкімдігі тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.



